ГУ «Отдел культуры и развития языков города Сатпаев»

  • Фотогаллерея1

    Открытие Памятника
    К.И. Сатпаева

    Доктор геолого-минералогических наук (1942), профессор (1950), академик АН Казахской ССР (1946), действительный член АН СССР (1946), первый президент Академии наук Казахской ССР

Главная



Құрметті Сәтбаев қаласының тұрғындары және қала қонақтары!

Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Сіздердің тарапыңыздан мәдениет пен тілдерді дамыту саласында келелі кеңес, ұтымды ой, тың идеялар мен жаңашыл бастамалар бағытында ұсыныстар күтеді.    
Кім біледі, бәлкім бағыңыз ашылып, өз қабілетіңізді толықтай көрсетерсіз. Мүмкін ешкім елемей жүрген талантты азаматтар бар шығар. Сондай дарынды азаматтар Сіздің қысқа ғана ақпаратыңыз бен бейне таспаға жазып алған «видеоңыздың» арқасында білікті мамандардың көзіне түсер, назарына ілігер. Сөйтіп, ел намысын қорғайтын ұлтжанды азаматтарға айналар. Осылай Сіздің де абыройыңыз асқақтап, игілікті ісіңізден рухани ләззат аларсыз. Кім біледі, небір асуларды бағындырып, небір биіктерден (жеңіс тұғырынан) қол бұлғар таланттар алыста емес, Сіздің іргеңізде, тіпті иегіңіздің астында тұрып жатқан да шығар. Қызмет бабымен біздің қолымыз тимей жатқанда, мәдениет пен өнер, тілдерді дамыту саласындағы тың ойлар мен пікірлерді Сіз бізге бірінші болып ұсынарсыз. Қазақтың айтулы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай: «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды» деген екен. Ендеше, Сіз бен біз бірігіп жұмыс жасайық, оқырман қауым!

 Өздеріңізге деген құрметпен,
«Сәтбаев қаласының  мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі» ММ
 басшысы   Қ.Ж.Төлеш

© 2014 Отдел культуры и развития языков города Сатпаев
+7 (71063) 34-44-5 satp_kultura@mail.ru
© 2014 Разработка и поддержка: Интернет компания Creatida